Шетел асқан халық қазынасы елімізге толықтай қайтіп оралады – Қошанов

11 Қараша 2022, 20:14
1103
Бөлісу:
Шетел асқан халық қазынасы елімізге толықтай қайтіп оралады – Қошанов

ҚР президенттігіне кандидаттардың теледебаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің сайлаудағы сенімді өкілі, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының сайлауалды жобасын таныстырып жатыр.

Қадірлі отандастар! Алдағы 7 жылда Қазақстан қандай болады? Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы осы сауалға толық әрі нақты жауап береді. Бүгінгі таңдағы халқымыздың ең басты талабы қандай? Ол - әділдік! Бағдарламаның негізгі өзегі де осы.  Біріншіден, Әділетті қоғам. Яғни қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп салтанат құруға тиіс. Екіншіден, Әділетті экономика. Ендігі жерде билік те, байлық та бір қолға шоғырланбайды. Шетел асқан халық қазынасы елімізге толықтай қайтіп оралады. Үшіншіден, Әділетті мемлекет. Яғни, мемлекет ешкімнің жеке меншігі емес. Әділетті, байқуатты және қауіпсіз мемлекетті бәріміз бірге құратын боламыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағдарламаны «жүрегіммен жаздым» деп айтты. Ал енді жүректен шыққан сөздің жүректерге жететінін біз бәріміз білеміз және кәміл сенеміз, - деді Ерлан Қошанов. 

Өзгелердің жаңалығы