Шет елдерге көшіп жатқан Қазақстан азаматтарының саны 42 пайызға өсті

17 Шілде 2024, 03:48
4469
Бөлісу:
Шет елдерге көшіп жатқан Қазақстан азаматтарының саны 42 пайызға өсті
Фото: архив

Биыл жылдың қаңтар мен наурыз аралығында 3 800 Қазақстан азаматы шет мемлекеттерге көшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға көп. Есесіне, елге келгендердің саны 7,5 мыңға жеткен.

Ranking.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанға көбінесе көрші Ресейден көшіп келеді екен. Олардың бірқатары Алматы қаласына тұрақтаған.

Ал елден кеткендердің көбісі Ресей, Америка Құрама Штаттары мен Польшаға және Қырғызстанға бет алған. Өзге елде жұмыс істегісі келгендер 15 жастан асқан және жоғары білімі бар азаматтар.

Мәселен, эмигранттардың 392-сі техникалық саланы тәмәмдаса, 135-і педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген. Олардың қатарында сәулет-құрылыс пен заңгер мамандығында білім алған жандар да бар.

Өзгелердің жаңалығы