Шет ауданының прокуратурасы үш жыл бойы алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматтың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы уақыт ішінде оның қарызы 2,3 миллион теңгеден асып кеткен.
Сот борышкерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.