"Шешесі қайда қараған": 8-сынып оқушысы босанды

Бүгiн, 08:57
929
Бөлісу:
"Шешесі қайда қараған": 8-сынып оқушысы босанды
Фото: pixabay.com

Өзбекстанның Науаи облысында сегізінші сынып оқушысы босанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Nova24.uz таратқан мәліметке сәйкес, облыстың мектепке дейінгі және мектептегі білім басқармасы мұғалімдер ол сабаққа келмесе де, баға қойғанын мәлімдеді.

Желіде Карман ауданындағы №15 мектептің сегізінші сынып оқушысы босанғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оған сабаққа келмесе де, директордың бұйрығымен баға қойылған.

Мектепке дейінгі және мектептегі білім басқармасының лауазымды тұлғалары сабаққа келмеген оқушыларға баға қойған мұғалімдерді тексереді, - деді ведомстводан.

Білім басқармасы қазіргі таңда құқық қорғау органдарының болған жайтты тексеріп жатқандарын алға тартты. Тексерістен соң қосымша ақпарат ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы