Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзод Давлатов Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

8 Қараша 2025, 21:08
351
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Шерзод Давлатов ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда Давлатов Түркия спортшысы Салих Йылдызға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан осы жолғы ойындардағы медаль есебін бастап, Давлатовтың нәтижесі ұлттық құрама үшін жақсы бастама болды.

Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан намысын 100-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Сауд Арабиясы бұл ойындарды алтыншы рет қабылдап отыр. Бұған дейін айтулы спорттық дода Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) өткен. 2009 жылы Тегеранда өтуі тиіс жарыс кейінге қалдырылған еді.

Өзгелердің жаңалығы