Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзаттың өлімі: Сот Белғожаевтың мінездемесін тыңдады

Олжас АДАЙ
29 Мамыр 2025, 13:01
2408
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болат ісі бойынша сотта күдікті Шыңғыс Белғожаевтың оң мінездемесі мен денсаулығына қатысты деректер жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шыңғыс Белғожаев – Қысқы спорт түрлерінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2022 жылдан бастап әдіскер ретін қызмет етеді.

Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы – спорт саласында қабілетті әдіскер ретінде көріне білді. Ұжым қызметкерлері арасында беделді әрі жоғары сыйлы, адамгерішілігі мол, еңбексүйгіш және ұйымдастырушы қабілеті жеткілікті адам. Ол үлкендердің арасында кішіпейіл де, сыпайы болған. Күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсаған қызметкер ретінде танылды. Қоғамдық жұмысқа белсенді араласты. Әкімшілікте өтетін іс-шараларында іс-қағазын жасау, өз тәжірибесін тарту және насихаттау жұмыстарына ықпал етті, - дейді қорғаушы.

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша Белғожаевтың қолының бір саусағы істемейді. Аталған мәліметті судья іс құжаттарына тіркеді.

Еске салсақ, Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады. Сондай-ақ, сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалып, көліктегі сөз сотта жария болды.

Өзгелердің жаңалығы