Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады

Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты сотталушылардың жарыссөздері аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан скриншот 3 Маусым 2025 2025, 12:23
3 Маусым 2025 2025, 12:23
1928
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты сотталушылардың жарыссөздері аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушылар айыптаушы тараптан кешірім сұрап, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесі бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда 16:00 де жарияланады,-деді судья Ержан Жанұзақов.

Еске салайық, осыған дейін Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі кезінде Абзал Шынасылдың анасы жарыссөз кезінде жылап қалғанын жазған едік.

Наверх