Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесі түскі үзілістен соң жалғасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста сотталушы Дидар Қалиахмет оқиға болған түні өзінің төбелеске қатысы болмағанын және қару қолданбағанын дәлелдеу үшін полиграфтан өтуге дайын екенін мәлімдеді.
Құрметті сот, мен сол түні күш пен қару қолдандым ба, жоқ па, соны тексеру үшін жалғандық детекторынан өтуге дайынмын, - деп ұсыныс білдірді Қалиахмет.
Алайда судья оның өтінішінен бас тартып, қажеті жоқтығын айтты.