Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кезекті отырыста куәлардың бірі – Дана Жақсыгелдінің жауап берген бейнедәлелдері көрсетілді.
Біз Эльмира (Нұрбекова – ред.) екеуміз (дүкенге – ред.) кіріп шықтық. Біз кіргенде темекі сатпаймыз деді. Сол кезде ұлдардың топталып тұрғанын көрдім, - дейді куәгер бейнежазбада.
Айтуынша, сол сәтте алдарынан қарулы ер адам шыққан.
Осы жерде (аймақты көрсетіп – ред.) сақалды жігіт мылтықпен жүгіріп шықты. Мына жаққа қаратып мылтықты атты. Мылтықтың даусын естіген соң құлағымды жауып, машинаға қарай кеттім. Екі рет атылған мылтықтың дауысын естідім, - деп жауап берді Жақсыгелді.
Тергеушілерге Дана Жақсыгелді ер адамның Ғайыпбаев болғанын, олар дүкенге келген сәтте алты-жеті адам топ болып тұрғанын айтты. Төбелесті кім бастағанын білмеймін деп отыр.
Одан кейін төбелестен соң ол айыпталушы Шынасылдың пышағын жуып, саусақ іздерін кетіруге көмектескенін айтып берді.