Шерзат Болаттың ісі жақын күндері сотта қаралады

Бүгiн, 11:07
670
Бөлісу:
Шерзат Болаттың ісі жақын күндері сотта қаралады
Фото: BAQ.KZ - Архив

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша материалдар жақын күндері сотқа жіберіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзаттың ісі қазір прокуратурада қаралып жатыр. Алдағы күндері, осы аптада сотқа жіберіледі деп күтеміз. Бұл – соттың құзырындағы мәселе. Судья тағайындалып, іс қаралады. Сондықтан бұл туралы кейін соттың өзі түсініктеме бергені дұрыс деп есептеймін, – деді ол Мәжілісте журналистерге.

Сондай-ақ Санжар Әділов Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша да тергеу жүріп жатқанын айтты.

Бұған дейін Шерзаттың өліміне қатысты тергеудің аяқталғаны хабарланған едік. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Алматы облысында жаппай төбелес болып, Шерзат Болат қаза тапқаны жайлы жазған едік. Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл оқиғаға байланысты 10 адам ұсталған болатын. Кейін полиция Талғардағы оқиғаның толық видеосын жариялаған еді. Кейін Марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетіп, ол жерден айғақ заттар табылған еді.

9 желтоқсан күні Талғар қаласының маңында Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды.  Кейін өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған хаты табылды.

Марқұм Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. 

Өзгелердің жаңалығы