Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

Бүгiн, 14:14
965
Бөлісу:
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды
Фото: SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Сенаттың кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзат Болаттың ісіне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталады.

Осы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын қылмыстық істі жәбірленушілер мен күдіктілерге танысуға тапсырамыз. Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі бойынша осы айдың аяғында, мерзімі өткен соң босайды, - деді Санжар Әділов.

Өзгелердің жаңалығы