Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы облысында жаппай төбелес болып, Шерзат Болат қаза тапқаны жайлы жазған едік. Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл оқиғаға байланысты 10 адам ұсталған болатын. Кейін полиция Талғардағы оқиғаның толық видеосын жариялаған еді. Кейін Марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетіп, ол жерден айғақ заттар табылған еді.
9 желтоқсан күні Талғар қаласының маңында Шерзат болаттың ағасының денесі табылды. Кейін өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған хаты табылды.
Марқұм Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.