Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзат Болат өлімі: Сотта куәгердің жауабының бейнежазбасы көрсетілді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
28 Сәуір 2025, 10:37
2104
Бөлісу:
 - Архив
Фото: - Архив

Шерзат Болаттың ісіндегі куәгер Эльмира Нұрбекова сотта жауабын беруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эльмира Нұрбекова 1992 жылы дүниеге келген. Оны кафеге сотталушылардың бірі арнайы шақырған. Бәрі бірге жиналып, алдымен кафеде отырған. Кейін олар дүкеннің алдына барған. Төбелес басталған кезде Эльмира Нұрбекова жігіттерді сабырға шақырып, жағдайды тыныштандыруға әрекет жасағанын жеткізгенін өткен сот отырысында мәлімдеген болатын.

Жәбірленушілердің адвокаты Эльмира Нұрбековадан Шерзат Болатқа пышақ қай жерге сұғылғаны туралы ақпаратты қайдан білетінін сұрады.

Оқиғадан кейін бізді екі күн қатарынан сол жерде ұстады. Біз тамақсыз, ұйқысыз. Бізден 100-ге жуық адам жауап алды. Сондықтан олар не туралы жауап алғаны да есімде емес. Мен жауапты орысша бердім. Олар қазақшаға аударып жазды. Басты мақсатым – қол қойып, тез үйіме қайту болды, - дейді куәгер.

Сотта жәбірленушілердің адвокаты былтыр қазанда куәнің берген жауабының видеосын қосуды сұрады. Оның сөзінше, сол күні Эльмира Нұрбекова жауабын қазақ тілінде берген.

11 қазан күні жауап алынғанда Эльмира Нұрбекованың сөзі видеоға жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот процесі онлайн трансляцияда өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы