Алматы қаласы бойынша Сот сараптама медицинасының Талғар бөлімшесінің сот сарапшысы Мұхит Оралбайұлы Шерзат Болаттың мәйітіндегі анықталған жарақаттар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен зерттеу жүргізген кезде сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншыла кесілген жарақат анықталды. Бұл жарақат қолтық асты қызығы мен артқы қолтық асты сызығының арасында пышақ жарақаты болды. 5-6 қабырға арасында. Плевра қуысына кірген, сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін жарақаттаған, - деді сарапшы.
Оның айтуынша, оның өліміне кеуде қуысына кірген шаншыла кесілген жарақат себеп болған.
Оның ұзындығы 2 см. Жара каналының бағыты арттан алдыға қарай. Сол жақтан оңға қарай жоғарыдан төменге. Жара каналының тереңдігі шамамен 12 см. Оң көзінің астында қанталау болды. Одан кейін оң қолының сыртқы 2, 3, 4, 5 саусақтарында да қанталау болды. Бесінші саусақтың негізінде де сызаттар болды. Оң жақ иығында екі қанталау болды. Оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігінде сызаттар болды. Сондай-ақ желкесінің сол жағында қанталау болды. Қазаға ұшырауына сол жақ кеуде қуысына кірген шаншыла кесілген жарақат себеп болған, - деп айтты Мұхит Оралбайұлы.