Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан 35 жыл бұрын Мозель өзенінің ортасында "Ханшайым Мари-Астрид" кемесінде Шенген келісіміне қол қойылды.
Шартқа Люксембургтегі ең жақын ауылдың аты берілді, деп хабарлады iz.ru.
Келісімнің алғашқы қатысушылары Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Франция және ГФР болды.
Еуропа жұмыс күшін ауыстырудың кедергілерін жоюды қалады. ЕО құрылған соң келісімге басқа мемлекеттер де кіре бастады.
Қазір Шенген аймағында 26 ел бар, олардың төртеуі Еуроодақтан тыс. 2015 жылы Мажарстан, Польша және Вышеградтық топтың басқа мүшелері босқындар үшін өз шекарасын жауып тастады.