Шектеулер инфекцияның жаппай таралуына жол бермейді - Пулатов

2 Шілде 2020, 15:30
1396
Бөлісу:
Шектеулер инфекцияның жаппай таралуына жол бермейді - Пулатов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шектеулер инфекцияның жаппай таралып кетуіне жол бермейді. "Өзбек этномәдени бірлестігі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов мемлекеттік комиссияның ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын бекітуге қатысты пікір білдірді. 

Коронавирус инфекциясының таралуы тек әлемдік қауымдастықты ғана емес, әрбір қазақстандық азаматты алаңдатып отыр. Бүгін мемлекеттік комиссия бірқатар шектеу талаптарын енгізу бойынша шешім қабылдады. Бұл талаптар уақытылы әрі дұрыс деп есептеймін Себебі, індет әр үйдің терезесін қақты. Аталған вирустың қауіптілігіне күмән келтірушілер қалмады, - деді Пулатов. 

Ол біздің қоғам әркез ауызбіршілігімен ерекшеленгенін айтты. 

Біздің халық осындай күрделі кезеңде бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бұл індетті тек бірігіп қана жеңе аламыз. Аталған талаптар босқа енгізілмеді. Мамандандырылған құзырлы органдар тыңғылықты талдау жасап, осы шешімдерді жариялап отырғанына сенімдімін. Бұл күрделі кезеңді еңсеру үшін талаптарды орындауымыз керек. Бұл аталған инфекцияның жаппай таралып кетуіне жол бермейді, - деді ол. 

Шерзод Пулатов айтқандай, көп дәрігер мен маман кеңес айтып жатыр. 

Бүгін айтылған талаптар соларға қосымша шара болып табылады. Аурумен күресте пайдаланып, болашақта індетті жеңіп шығуға септігін тигізеді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы