Бүгін елордада Паралимпиада спортшыларына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара барысында ымдау тілінде ән, «Қанаттылар» инклюзивті театры әртістерінің қойылымы және дәстүрлі аспаптарда музыкалық шығармалар көрсетілді. Сондай-ақ волейболды отырып ойнаудан ел құрамасының спортшылары таныстырылды.
Айта кетейік, параволейболдан еліміз 28 жылдан кейін олимпиадаға жолдама алған еді.
Құрамадағы жігіттердің дайындығы жақсы. Бірнеше оқу-жаттығу жиынынан өттік. Еуропа ның командаларымен де бірігіп өткізіп жатырмыз. Жақында Иран еліне барамыз. Өте тәжірибелі құрама. Жігіттердің бағы мен бабы келіп тұрса жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан қолдау болып жатыр. Демеушілер параолимпиадаға баратын спортшыларды толықтай киіммен қамтамасыз етті. Бірінші ойын 29 тамыз күні Франция құрамасымен өтеді. 18 жастағы ойыншыларымыз бар. Жігіттер жоғарыдантэ көрінеді деп ойлаймын, - дейді параволейболдан ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тақалов.
Айта кетейік, XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.