Шекарашылар Ресейде ұрланған автокөлікті ұстады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл шекара отрядының «Жанажол авто» бөлімшесінде таңғы сағат 4:00 шамасында «Ягуар» автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейлік ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.</h4>

 9 Сәуір 2019 2019, 12:50
9 Сәуір 2019 2019, 12:50
2255

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл шекара отрядының «Жанажол авто» бөлімшесінде таңғы сағат 4:00 шамасында «Ягуар» автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейлік ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шекарашыларға оның автокөлігінің құжаттары әу бастан күдікті болып көрінген. Шекарашылардың сауалдары тығырыққа тіреген азамат ақыры автокөліктің ұрланғандығын мойындады.

Ұсталған азамат автокөлкпен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Наверх