Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Демалыс күндері ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Сақшы», «Орал», «Алматы» кемелері мен «Қарлығаш» катерінің экипаждары Каспий теңізінен 31000 м калада, 25 м ау, 15 500 дана ілмек жинап, 900 кг-ға жуық бекіре тұқымдас және қымбат бағалы балықтарды құтқарды. Осылайша, Мемлекетке келтірілуі мүмкін 195 741130 теңге шығынның алды алынды", - делінген таратылған ақпаратта.