Алматы, Baq.kz. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметкері Әзілхан Әзімхан бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Алайда бұл үкімге апелляциялық инстанция шағым түсірген.
«29 қараша күні Пафилов ауданы сотында Әзілхан Әзімханның ісі қаралып, ол ҚР ҚК 380 бабының бірінші бөлімімен кінәлі деп танылып, оны бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. Қазіргі уақытта апелляциялық инстанция бұл үкімге шағым түсіруде. Бұл іс Алматы облыстық сотына өтті. Үкім заңды күшіне енбеді», - делінген сотың мәлімдемесінде.
Еске салсақ, өткен жылдың 19 қыркүйегінде шекарашы мен «Қорғас» қызметкері арасында жан-жал болған еді. Рұқсат құжатынсыз өтпек болған қызметкер мен шекарашы арасында төбелес болып, нәтижесінде әскери қызметкердің жағы сынған еді.