Шекараның жекелеген учаскесі: Қазақстан мен Ресей жаңа құжат жобаларын бекітті

4 Қазан 2024, 23:38
484
Бөлісу:
Шекараның жекелеген учаскесі: Қазақстан мен Ресей жаңа құжат жобаларын бекітті
Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 142-ші отырысы өткенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құзырлы ведомство комиссияның отырысы Мәскеуде 2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында өткенін нақтылады.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, үстіміздегі жылғы далалық жұмыстардың қорытындыларын шығарды,- деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы