Шекаралық аудандар мәселесіне назар аудартқым келеді – ШҚО-дан сайланған Сенат депутаты

14 Тамыз 2020, 10:45
1914
Бөлісу:
Шекаралық аудандар мәселесіне назар аудартқым келеді – ШҚО-дан сайланған Сенат депутаты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір халықтың қалаға жаппай көшуін тоқтату үшін шекара маңындағы халықтың тұрмыс жағдайын көтеру керек. 

Олар да лайықты еңбек етіп, балаларының сапалы білім алуын, қажетті медициналық қызмет көрсетілуін қалайды. Қазір мұндағы басты мәселе жұмыссыздық. Ешкім де туған ауылын тастап кеткісі келмейді, алайда, сананы тұрмыс билеп тұр. Шекара маңы бос қалмауы керек, бұл мемлекеттік қауіпсіздік үшін де маңызды, - дейді Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Сенат депутаты Ольга Булавкина. 

Ұзақ жылдар мемлекеттік қызметтің көптеген сатысынан өткен ол соңғы жылы өңірдегі Бородулиха ауданының тізгінін ұстаған еді.

Ауылдарда қордаланған мәселелер өте көп. Пандемиямен күрес, әсіресе, ауылдық жерлерде модульдік ауруханалардың қажет екенін көрсетті. Шағын фельдшерлік пункттерге дәріханалардың функциясын қоса атқара алатындай жағдай жасау керек. Өйткені көптеген ауылда, медициналық мекемелерді айтпағанда, дәріханалар жоқтың қасы. Бұл мәселені шешу үшін фельдшерлік амбулаториялық пункттерге фармацевт штатын қосса - жеткілікті. Жалпы, маған әлеуметтік сала жақын. Аудан басшысы қызметін атқара жүріп, ауыл тұрғындарының қарапайым қажеттіліктерімен жете таныстым. Ол - жұмыссыздық қана емес, білім, жол, байланыстың нашарлығы. Осы мәселелерді шешу бағытында жұмыс атқарғым келеді, - дейді Ольга Александровна.

Өзгелердің жаңалығы