Шекарадан заңсыз өтпек болған ресейлік қашқындар ұсталды

26 Қыркүйек 2022, 09:45
1581
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз өтпек болған ресейлік қашқындар ұсталды
PHOTO
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінен

Қостанай облысында ішінара жұмылдырудан қашып кеткен Ресей азаматтары ұсталды. Ер адамдар шекараны заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.

Шекарадан заңсыз өтпек болған ресейлік қашқындар ұсталды

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген.

Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы