Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шекарадан иесіз дәрі-дәрмек табылды

4 Ақпан 2019, 10:50
2504
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағынан шекарашылар 209 кг иесіз жүк тауып алды, деп жазады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екені анықталды. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салған болу керек. Себебі, егесі анықталған жоқ. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы