Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қордай» шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде көрші елден жаяулатып қайтып келе жатқан 69 жастағы қарт адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Шекара наряды оның сырт киімінің қос қалтасынан әр қайсысының көлемі 1960 граммнан (барлығы 3920 грамм), тығыны «М» әрпімен мөрленген екі шыны құты тауып алды. Барлық белгілері «Луна «М» атаулы сынапқа келеді», - делінген хабарламада.
Анық-қанығына жету үшін ұсталған қарт құтыларымен бірге Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырылды.