Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шекарада ұсталған әйелдің денесінен 314 грамм алтын табылды

18 Тамыз 2025, 12:44
1027
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Өзбекстанның "Навои" шекаралық кеден бекетінде күдік тудырған әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әйелдің жыныс мүшесінен 314 грамм алтын табылған.

Ташкент облыстық кеден басқармасының ресми арнасының мәліметінше, Кеден комитетінің ішкі қауіпсіздік қызметі күдікті әйелге жеке тінту жүргізген.

Тексеру барысында оның жыныс мүшелерінің ішінде жалпы салмағы 314 грамм болатын алтын әшекейлер жасырылғаны анықталды. Айғақ ретінде алынған зергерлік бұйымдардың жалпы құны 316 миллион сомды (шамамен 13,5 млн теңге) құрайды, – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта кеден басқармасының қызметкерлері алдын ала тергеу шараларын жүргізуде.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалар кедендік төлемсіз және жолаушы кедендік декларациясында көрсетілген жағдайда ғана асыл металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды 65 граммнан аспайтын көлемде алып өте алады.

Өзгелердің жаңалығы