Шекарада дизель қымбаттап, контрабанда қызып тұр

3 Сәуір 2023, 17:45
820
Бөлісу:
Шекарада дизель қымбаттап, контрабанда қызып тұр
Фото: egemen.kz

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында еліміздің дизель отыны қымбат бағада сатылып жатыр. Бұл туралы блогер Ұлан Әбішев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Әбішев екі елдің шекаралас аудандарында дизель отыны 1,5 есе қымбат бағаға сатылып жатқанын атап өтті. Сөзінше, елімізде дизель отының литрі 250-260 теңгеден сатылса, бұл аймақта 400 теңгеге жеткен.

Бағасына байланысты Қырғызстан шекарасына әкеліп сатқан тиімді. Шекара аумағында тұрақтаған көліктерден дизельдің иісі шығады. Көліктердің артқы орындықтарын арнайы орындар дайындағаны бірден көзге ілінеді. Шекарадағы баға қырғыздың 70 сомына жеткен, ол біздің бағамен 400 теңге. Меніңше шекарада дизель отыны контрабандасы жүріп жатыр, - деді блогер.

Өзгелердің жаңалығы