Шекарада 180 кг қытайлық дәрі-дәрмектің жолы кесілді

27 Қыркүйек 2019, 19:37
1890
Бөлісу:
Шекарада 180 кг қытайлық дәрі-дәрмектің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 180 кг-ға жуық қытай дәрі-дәрмегі мен 18 000 доллардан астам валюта контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

"Бүгін Қорғас шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығынан елімізге контрабандалық жолмен жалпы салмағы 179 кг қытайда шығарылған дәрі-дәрмекті енгізбек болған қазақстандық азаматты ұстады.

Тағы бір Қазақстан Республикасының азаматы біздің елден көрші мемлекетке қарай 18 042 АҚШ доллары мен 16 200 теңгені заңдастырмай алып өтпек болған. Контрабандалық жүк пен заңсыз қаражат актіленіп кеден қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген таратылған ақпаратта.

 


Өзгелердің жаңалығы