Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шекара маңында жер сілкінді

12 Қараша 2025, 09:24
647
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Қырғызстан сейсмология институтының жедел деректері бойынша, 12 қараша күні Астана уақытымен 04:13-те Қытай, Қазақстан және Қырғызстанның шекаралас аумағында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 балды құрады.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 3,9 балл болатын жер асты дүмпулері 11 қараша күні жергілікті уақытпен (Астана уақытымен де сәйкес) 22:32-де тіркелді. Эпицентрі Наманган облысының Касансай ауданынан 16 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпулер Қырғызстан аумағында да сезілген.

Өзгелердің жаңалығы