"Шайн мускат" жүзімі адам ағзасына зиян ба?

21 Қараша 2024, 11:33
1278
Бөлісу:
"Шайн мускат" жүзімі адам ағзасына зиян ба?
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылық министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;

2) карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;

3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі корей жүзімдерін тексеретіні туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы