Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында көпшілік күтпеген нәтиже тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жарыс қожайындары Латвия осы біріншілікте топ жарудан дәмелі Чехияның осал тұсын тапты. Б тобындағы матч 4:3 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Негізгі уақытта қарсыластар тең түсті.
Овертаймда латыш хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Канада Словакияны буллит сериясында жеңіп, Б тобында 8 ұпаймен алға шықты.
16 мамыр түнде Қазақстан Швейцариямен ойнайды.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері осы топта 2 ұпаймен бесінші орында келеді.