Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалмайтын болды

7 Қараша 2024, 11:54
279
Бөлісу:
Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалмайтын болды
Фото: pixabay.com

Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағаланғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.

Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.

Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.

Өзгелердің жаңалығы