Шавкат Рахмонов жаттығатын DAR Pro Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық UFC жұлдызының денсаулығы жайында ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.
Рахмонов (19-0) соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) біржақты шешіммен жеңіп шықты.
Шавкат жаттығып жатыр, денсаулығын қалпына келтіріп, жаттығуларын жүргізуде. Қазір ол қалыпты физикалық жағдайға келді. Жаттығуларымыз әдеттегідей жүріп жатыр. Ал мамандар толығымен дайын екенімізді айтқан соң, толыққанды жаттығуларға кірісеміз. Біз әлі дайындықты аяқтауымыз керек. Қандай айда болатынын нақты айта алмаймын, бірақ күзге қарай, Алла қаласа, 100% дайын боламыз, – деді Базров.