Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Сот отырысы өтетін күн белгілі болды

Екі адам қаза тапқан жол апаты

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 14:29
Бүгiн 2026, 14:29
554
Фото: видеодан скриншот

UFC спортшысы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істің алдын ала отырысы 16 ақпанда өтетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

Айта кетейік, Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адам қаза тапқан өлімге соқтырған жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған болатын. Ол туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеген

Оған дейін Гулайым Рахмонова іс бойынша қорғауға құқығы бар куә ретінде өтіп келген. 

Жол апаты былтыр 27 шілдеде Жамбыл облысындағы Алматы — Екатеринбург тасжолында болған. Рөлде Гүлайым Рахмонова отырған Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен. Көлікте сондай-ақ оның кәмелетке толмаған ұлы мен екі құрбысы болған. Екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал Рахмонова мен баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Кейін олар ауруханадан шығарылған.

Апаттан кейін жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық және сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Наверх