Шавкат Рахмонов жекпе-жек өткізгісі келмейтін UFC файтерін атады

19 Тамыз 2023, 20:15
840
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов  жекпе-жек өткізгісі келмейтін UFC файтерін атады
Фото: championat

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) қай спортшымен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Гилберт Бернспен жекпе-жек өткізгім келмейді. Ол жақсы жігіт. Маған ұнайды, мейірімді, қарапайым азамат. Басқа кіммен жекпе-жек өткізсем де бәрібір. Онымен сөйлестік, кездесу өткізетін файтерлер жеткілікті. Ал егер титулға таласатын болсақ, жекпе-жек өткізуге болады, - деді Рахмонов Naiza TV-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат UFC-дегі кейінгі жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилды (15-5) үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы