Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

20 Желтоқсан 2023, 23:17
1704
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?
Фото: видеодан кадр

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін «Номадтың» секунданты Бауыржан Уталиев файтердің келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

17 желтоқсанда қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесіп, екінші раундтың соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісін сәтті қолданып, қарсыластан басым түскен еді.

Осылайша, Рахмонов карьерасындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісін тіркеді.

— Ол оралуға қашан дайын болады?

— Оның айтуынша, жазға қарай. Мен (жаттығуға) қашан баратынымызды сұрадым. Ол жазда деп айтты. Қазір демалайық, Жаңа жылдан кейін жаттығуға кірісеміз. Аяғын емдеу керек. Ол әлі ісіп тұр. Әлі жазылған жоқ», - деді Dar Pro Team басшысы «Вестнику ММА-ге» берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы