Шавкат Рахмонов америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) титулдық айқас өткізу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Kill Сliff залында жаттығу жасайды.
Шавкат Рахмонов карьерасындағы басты кездесуді 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткізеді.
Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақстандық чемпион атануы мүмкін.
Шавкат Рахмонов та Белалмен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болуы мүмкін, бірақ ол бұл кездесуді жеңетініне сенімді екенін айтқан еді.
Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.