Шавкат Рахмон чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығады

28 Қазан 2023, 20:35
650
Бөлісу:
Шавкат  Рахмон чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығады

Аралас жекпе-жектен Dar Team қомандасының бас бапкері, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен жұмыс істейтін Азиз Разыев спортшының алдағы жоспарымен бөлісті. Бұл туралы BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Шавкат жақында Стивена Томпсонмен көпшілік күткен, қызықты әрі тартысты жекпе-жектерінің бірін өткізеді. Иә, рейтингіге өзгеріс енді. Рахмонов бесінші орында тұр. Біз UFC-де кейде оныншы нөмірлі спортшының чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізетінін көріп жүрміз және оған еш таңғалмаймыз. Шавкаттың биыл чемпиондық айқас өткізуі екіталай, бірақ келесі жылы, Алла қаласа, бәрі жақсы болса, оны айтулы жекпе-жектер күтіп тұр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы