Петропавлда шаш бояу қызметі үшін 52 мың теңге төлеуден бас тартқан әйел сотқа жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс материалдарынан анықталғандай, тараптар қызмет құнын әлеуметтік желідегі хат алмасу арқылы алдын ала 5 000-нан 15 000 теңгеге дейінгі аралықта келіскен.
Алайда шаш бояу қызметі аяқталғаннан кейін клиентке келісілген сомадан едәуір жоғары – 52 900 теңге ұсынылған, бұл төлем жасаудан бас тартуға және кейінгі дауға әкелген.
Сот кәсіпкердің клиентке ескертпей және оның келісімінсіз бағаны біржақты тәртіпте көтергенін алға тартты. Сондай-ақ, клиентке қымбат материалдардың қолданылатыны туралы алдын ала ақпарат берілгені дәлелденбеді.
Сот орындаушының клиентке қызмет құны туралы толық әрі шынайы ақпаратты алдын ала ұсынуға міндетті екенін ескертті.
Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкерден 15 000 теңге мөлшерінде, яғни тараптардың бастапқы келісімі шегінде, ақша өндірді. Моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылған жоқ. Өйткені клиент тарапынан қорлау мен моральдық зиян келтіру фактілері сот талқылауы барысында расталмады, - деп хабарлады Петропавл қаласының № 2 соты.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Тағы оқи отырыңыздар: