Асқазандағы шаш. Алматыда 17 жастағы науқасқа ота жасалды

22 Қыркүйек 2020, 20:57
3471
Бөлісу:
Асқазандағы шаш. Алматыда 17 жастағы науқасқа ота жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының №4 клиникалық аурухананың хирургтары асқазанда жиналған шашты алып тастау бойынша  сирек кездесетін  операция жасады.

17 жастағы науқасқа  алдын-ала қойылған диагнозы – денедегі  бөгде заттар, эпигастрий аймағындағы ауырлығы шағымымен ауруханаға  жатқызылды. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханада фиброгастродуоденоскопияны (ФГДС), іш қуысының компьютерлік томографиясын жасатып, оған «трихобезоар» диагнозы  қойылған – бұл асқазандағы бөгде зат, шаштан түйілген тығыз конкремент. Безоарлар негізінен мүйізді жануарларда болады, адамдарда безоарлар салыстырмалы түрде өте сирек кездеседі. Операция барысында дәрігерлердің күдіктері расталды.

Бүгін жоспарлы ота жасалды: лапаротомия, гастротомия, гастротомия кезінде асқазанның пішінін толығымен қайталайтын трихобезоар табылып, шаш түйіні органның 70 пайызын құраған. Бөгде зат алынып тасталды. Науқас шашты шайнап жұту әдетін жоққа шығарды, бірақ операциялық нәтиже фактіні растады. Бірнеше жыл бойы масса қатайып, бүгінде шаштың пайда болу салмағы 1 килограмм болды. Конкременттің салмағы болғандықтан, асқазан аздап созылған, - дейді №4 Қалалық клиникалық аурухананың хирургі, профессор, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Абылай Баймаханов.

Хирургтардың тәжірибесінде трихобезоар өте сирек кездеседі, бірақ адам денсаулығына бірқатар қауіп төндіреді. Конкремент асқазан-ішек жолымен қозғалу кезінде асқазанның бітелуіне немесе асқазанның тесілуіне алып келуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдайда науқас медициналық көмекке уақытында жүгінген, асқазан ешбір асқынусыз босатылды.

Тырнақтарды тістеу немесе шашты шайнап жұту – бұл психологиялық әдет. Балалардың әдеттеріне ерте жастан назар аудару керек. Сондай-ақ, шаш ағзаға тамақпен бірге кетіп, жылдар бойы массаға жиналуы мүмкін, – дейді хирург-дәрігері ассистент Дәурен Жуматаев.

Асқазанның трихобезоары – сирек кездесетін ауру, ол негізінен жастарда кездеседі, 30 жасқа дейінгі пациенттер 80% құрайды, 90% жағдайында бұл қыздарда кездеседі. Аурудың басталуы әдетте, симптомсыз басталады; безоар өсіп келе жатқанда, іштің мерзімді ауыруы және ауырлық сезімі пайда болады, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, темір тапшылығының анемиясы дамиды. Безоардың асқынуы – эрозия және қан кететін асқазан жаралары, перитониттің дамуы, аш ішектің обтурациясы  болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы