Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты министрлік мәлімдеме жасады

30 Мамыр 2021, 11:25
2325
Бөлісу:
Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты министрлік мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Шарын шатқалында қайғылы оқиға орын алды. Өкінішке орай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған, деп жазды БҒМ баспасөз қызметі.

Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы оқиға салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі көз жұмды, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. 

Оқу жылы аяқталған кезде мұғалімдер мен ата-аналар өз сапарларын жоспарлап қойған болар. Осы ретте өздеріңізге және балаларыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше абай болып, балалармен демалуға не экскурсияға барғанда, су қоймаларына түспегеніңіз абзал. Сонымен бірге қауіпті аймақтарға жақындамай, әрдайым балаларыңыздың жанында болыңыздар. Өйткені Сіздің өміріңіз бен амандығыңыздан қымбат ештеңе жоқ, - деп жазды БҒМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы