«Шарын» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

5 Қыркүйек 2020, 10:05
2108
Бөлісу:
«Шарын» ұлттық паркінде  экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес құрамында ғалымдар, саланың сарапшылары, туристік қауымдастық өкілдері, қоғам белсенділері мен эко-активистер бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы 21 тамыз күні таныстырылған еді. Қоғамдық кеңес аталған жобаның жүзеге асуын бақылауға қатысады. 

Жобада негізінен туристік маршруттар мен соқпақ жолдарды дамытуға күш салынады. Заманауи визит-орталықтар, гэмпинг, кэмпингтер, этноауылдар салынады. Караванингке арналған орын болады. Парк аумағында күрделі құрылыс жүрмейді,  нысандар жеңіл жиналатын конструкциялар арқылы тұрғызылады. 

Осылайша қоршаған ортаға түсетін  жүктемені азайтып, сапалы қызмет ұсынатын бірегей туристік өнім жасауға мүмкіндік туады. 

Аумақта экотуризмді жеке инвесторларды тарту арқылы дамыту жоспарланып отыр:
Екі заманауи визит-орталық салынады.
4 жаяу жүргінші маршруты болады.
Түнейтін орындар дайындалады.
Этноауыл салынады.
3 көру алаңы қойылады. 

Глэмпингов, кемпинг, караванинг пункттері, қоғамдық тамақтану орындары, кәдесый дүкендері орналастырылады. Қоршаған ортаға түсетін рекреациялық жүктемені азайту үшін қызмет көрсету нысандарының бәрі шатқалдың сыртында салынбақ. 

Жоба Қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланып, қабылданғаннан кейін ғана инвесторлар ашық байқау негізінде тартылады. Алдында Экология министрлігінде айтылғандай, ұлттық парк жерлері заң бойынша  ешқандай жағдайда жеке меншікке берілмейді.  Тек белгілі бір аумақтар ғана туризмді дамыту мақсатында уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. Алайда инвестор өз міндеттерін орындамаған жағдайда мемлекет кез келген уақытта келісімшартты үзе алады.

Өзгелердің жаңалығы