Шаруалар көкөніс егуді бастады

13 Ақпан 2023, 17:18
1258
Бөлісу:
Шаруалар көкөніс егуді бастады

Түркістан облысының шаруалары ерте пісетін көкөністерді егуді бастап кетті деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Мақтарал ауданының шаруалары ерте пісетін қырыққабат пен қызылша өнімін егуді бастады. Қазір 10-нан аса шаруа қожалықтары қызу жұмысқа кіріскен. 

«Жұмысшыларға күніне 5000-5500 теңгеден еңбекақысын төлейміз. Қырыққабаттың ринда және галикан деген сорттарын егіп жатырмыз. Негізінен еккен егініміз 2-3 ай көлемінде пісіп, жетіледі. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек» , -  дейді  «Абдрахманов» шаруа қожалығының басшысы Аллаяр Кенжебайұлы.

Ерте пісетін қырыққабат өнімдеріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.  Қазірдің өзінде Мақтаарал ауданында жалпы көлемі 10 гектар жерге қырыққабат, 15 гектарға қызылша дақылы отырғызылған. Жалпы биыл Мақтааралда 1904 гектар жерге ерте пісетін көкөністер егу жоспарлануда. Қырыққабат пен қызылша дақылдары ерте пісетіндіктен, мақтааралдық диқандар оның соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты т.б. дақылдар егуге кіріседі. Осылайша диқандар 1 жылда 2-3 рет өнім алады.

Айта кетеу керек, өткен жылы мақтааралдық шаруалар 20 мың тонна көкөніс өндіріп, оның 80%-на жуығын ТМД елдеріне, Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия мемлекеттеріне экспорттаған еді.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы