Шаруадан дәрігерге!

22 Сәуір 2020, 22:16
2003
Бөлісу:
Шаруадан дәрігерге!
PHOTO

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы фермерлері бірігіп, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін ауыл шаруашылығы өнімдерімен тегін қамтамыз етіп жатыр.

WhatsApp Image 2020-04-22 at 20.51.05.jpeg

Айтуларынша, табиғи тағамдар ақ халаттыларымыздың денсаулығына қуат береді. Олар 15 бас ісекті облыстық аурухана мен онкологиялық диспансері дәрігерлеріне табыстады. Одан бөлек, 70-ке жуық шаруа қожалығының иелері 1 млн-ға жуық ақшалай қор жинап, оның 350 мыңына азық-түлік өнімдерін де алып, таратты.

Қауіпті індеттің бел ортасында дәрігерлеріміз жүр. Олар халқымыздың денсаулығы үшін індетпен үздіксіз күресіп жатыр. Күні-түні науқастардың жанында болып, отбасыларынан алыста жүрген медицина қызметкерлеріне біз басымызды иеміз. Облыстық фермерлер одағы басшысы Мұрат Сармановтың бастамасымен өңірдегі барша шаруагерлердің басып біріктіріп, ақ халаттыларымызды табиғи өнімдерімізбен қамтамасыз етуді қолға алдық. Қазір ауыртпашылық ақ халаттыларымызға түсіп тұр. Осы шара барысында 15 ісекті Құрманғазы ауданының шаруагері, облыстық мәслихат депутаты Сабыржан Сұлтанұлы ағамыз жолдады. Бұл көмектің өзі миллион теңгенің шамасын құрайды. Сонымен қатар аймақтағы көптеген ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер шұбат, қаймақ, сондай-ақ, түрлі көкөніс өнімдерін жіберді. Табиғи таза тағамдарымыз ақ халаттыларымыздың денсаулығына қуат береді деген сенімдеміз. Дәрігерлерімізге арнап жасалып жатқан қамқорлық шарасы бірнеше апта жалғасын табады,-дейді Атырау облысы Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов.

WhatsApp Image 2020-04-22 at 20.51.08.jpeg

Облыстық аурухана директоры Сайын Шомиров қиын сәтте қолдау көрсетіп жатқан шаруагерлерге дәрігерлер атынан алғысын білдірді.

Қазір денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге оғай болмай тұр. Бұл қиындықты сабырлықпен, бірлікпен жеңеміз деп ойлаймын. Осындай сын сағатта біздің қызметкерлерге қолдау жасап жатқан фермерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ,-деді облыстық аурухана директоры Сайын Шомиров.

WhatsApp Image 2020-04-22 at 20.51.09.jpeg

Атырау облысы шаруагерлерінің қайырымдылық акциясы еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанша жалғаса береді.

Өзгелердің жаңалығы