Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Жоғарғы сот төрағасы мен басқа деңгейдегі сот төрағалары, өзім де алқа төрағасы ретінде азаматтарды мүлдем қабылдамаймыз деп отырған жоқпын. Тек нақты істер бойынша ғана азаматтарды қабылдауға болмайды. Себебі нақты істерді қарау тәртібі процестік кодексте реттелген. Азаматтарды басқа мәселелер бойынша қабылдаймыз,- деді Шәріпов.
Ол сәуір айының басында қандай мәселе бойынша азаматтарды қабылдағанын айтты.
Өткен аптада азаматтарды қабылдау өткіздім. Біраз азамат жүгінді. Нақты істер емес. Шетелден оралған азаматтардың құқығын қорғауға байланысты сот тәжірибесіне, заңнаманы өзгерту мәселесіне қатысты қабылдадым. Шетелден келген балалардың құжаттарының рәсімделмеуі, жәрдемақы алуға шектелуі сынды мәселелер қаралды, - деді Нұрсерік Шәріпов.