Шардарада жедел жәрдем қызметшілері дауыс берді

19 Наурыз 2023, 11:39
781
Бөлісу:
Шардарада жедел жәрдем қызметшілері дауыс берді
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облысы, Шардара ауданында 33 сайлау учаскесі бар. Таңертеңнен әнұранмен ресми түрде өз жұмысын бастаған №851 сайлау учаскесіне жедел жәрдем қызметшілері алғашқылардың бірі болып келіп, өз дауыстарын берді, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ агенттігінің тілшісі. 

Жедел жәрдем қызметшілерінің ұйымдасқан түрде дауыс беру күнін асыға күткендері көрініп тұр. Себебі, өз таңдауларын маңызды күнде жасауды азаматтық борышымыз деп есептейді олар. 

Шардарада жедел жәрдем қызметшілері дауыс берді

Бүгінгідей саяси науқаннан қалып кетпей өз таңдауымызды жасауға бел будық. Біз байқаймыз, көптеген азаматтар өздері бекітілген учаскеге келіп дауыс бермейді де, соңынан сайлау әділ өтпеді деп шағымданып жатады. Сондай келеңсіз жайттар орын алмас үшін әрбір азамат өз дауысын ұрлатпауы тиіс деп санаймыз және сайлауда өз үмкіткеріміздің жеңіп шыққанын қалаймыз. Оның жеңіп шығуы үшін біз осында дауыс беріп үлес қосуға келдік, - дейді жедел жәрдем қызметшілері бірауыздан.

Аталған № 851сайлау учаскесінің төрағасы Жанат Сапаров қазірге дейін 300-ден астам сайлаушы келіп дауыс бергенін, ал жалпы учаскеге 1871 азамат тіркелгенін атап өтті. Сондай-ақ сайлауға белсенді қатысқандардың біразына сыйлық үлестіріп берген.

Біздің №851 сайлау учаскесі қажетті интернетпен, ұялы байланыс телефондарымен, бақылау камераларымен толық қамтамасыз етілді. Қала тұрғындарын кешкі сағат сегізге дейін дауыс беріп үлгеруге, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Ал сайлау учакесіне келіп дауыс бере алмайтын үш мүмкіндігі шектеулі азаматтың үйіне біздің арнайы өкілдеріміз барып келді, - деді учаске төрағасы. 

Шардарада жедел жәрдем қызметшілері дауыс берді

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша  31 ашық, екі жабық сайлау учаскесі бар, оған 43727 дауыс беруші тіркелген. 

Өзгелердің жаңалығы