Алматыда Еркін Нұразхановтың “Шарайна" атты жеке көрмесі ашылды

12 Ақпан 2020, 17:21
3472
Бөлісу:
Алматыда Еркін Нұразхановтың “Шарайна" атты жеке көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде елімізге танымал карикатурашы-суретші, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одағының мүшесі Еркін Нұразханның "Шарайна" атты жеке көрмесін ашылды. 

Еркін Нұразхан – қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, шарж жанрының қалыптасып, дамуына өзіндік қолтаңбасын қосқан, бүгінде осы бағыттың көшбасшысы саналатын танымал суретші. 

IMG_20200212_162636.jpg

Суретшінің айтуынша, көрмеге 1982 жылдан басталған шығармашылық жұмыстарының негізгі бөліктері қойылған. Суретшінің тақырыптары әр алуан, бейнелеген кейіпкерлері сан қырлы мінез-құлықты болса, сурет салудағы техникасы тым қарапайым. Негізінен қағаз, қаламұш, тушь, акварель бояуы, гельді қалам, түсті қарындаштарды қолданады. 

Негізінен шарж және карикатуралық тақырыптағы жұмыстар қойылды. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейге 105 жұмыс тапсырдым, жұмыстардың музейде тұрғаны дұрыс деп шештім. Бүгінгі көрмеге 500-ден астам жұмыс әкелдім, оларда осында қалады, - дейді суретші. 

IMG_20200212_163802.jpg

Оның айтуынша, музейде заттардың сақталу тәртібі бар және көпшілік тамашалап, ғылыми айналымға түседі. Яғни, зерттеу жасағысы келетін, суретшілер, журналистер үшін музейде болғаны қолайлы. 

IMG_20200212_161200.jpg

Шаржда танымал адамдар бейнеленген. Қоғамға белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлері, ғылым мен саясат өкілдерінің шарждары. Шарж дегеніміз - белгілі тұлғалардың әзіл портреттері, - дейді Еркін Нұразханов. 

Көрме 2020 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы