Сот отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қайтыс болған түні қандай оқиғалар болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен де оған балағат сөз айтып, айқайлай бастадым. Содан кейін бір сәтте ол маған жұдырықпен тап беріп, көйлегімді жыртып тастады. Итеріп қалып едім, қабырғаға соғылды. Ол маған тағы бір рет жүгіргенде мен оның көйлегін жыртып алдым, ол ашуланып, көйлегін шеше бастады, - деді айыпталушы өз нұсқасында.
Биішмбаевтың айтуынша, Нүкенова екеуінің арасында жанжал дәретханада өрши түскен.
Салтанат есікті ішінен жауып алды, соққының дауыстары естіліп жатты. Мен есікті қаға бастадым. "Салта, Салта, аш" дедім. Ол естімеген болуы керек. Мен есікті ұра бастадым. Ол жүгіріп келіп, есікті қағып жатқанымды естіп, мені балағаттай бастады...Оның (еск -Нүкенованың) үстіндегі киімнің бәрі концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болды. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен оны ұстап алдым. Мен оған "не істеп жатырсың?" дедім. Оның бел тұсынан ұстап алдым. Ол алдыңғы жағынан унитазға қарады, ал артында мен тұрдым. Шалбарын төмен түсіргісі келді, бірақ мен ұстап тұрдым. "Бәрін бетіңе лақтырамын" деді. Кейін мен ашуланып кетіп, жібере салдым. Ол ұстап тұрды деп ойлады ғой деймін, шалбары бірден төменге түсіп, тепе-теңдігін жоғалтты. Басында қабырғаға сүйеніп, сосын унитазға бетімен қатты соғылды. Солай екі соққы алып, унитаздың маңында 10-15 секундтай жатты, - деді Қуандық Бишімбаев.
Өткен аптада өткен сотта Қуандық Бишімбавтың не үшін емшіге жүгінгені айтылды. Сотта Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын және оны қасақана өлтіргенін мойындамайтынын айтты.