Шанхайда 600 әуе рейсі тоқтады

Кеше, 10:37
250
Бөлісу:
Шанхайда 600 әуе рейсі тоқтады

Қытайдың ең ірі мегаполисі Шанхайда дүлей дауылдың жақындауына байланысты дабыл қағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты билік алдын ала шаралар қабылдап, қаладан 370 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. 

Сондай-ақ екі әуежайда 600 әуе рейсі тоқтатылды. Метеорологтар ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Сондай-ақ тұрғындарға үйде болуға, сақтық шараларын қабылдауға шақырды. 

Өзгелердің жаңалығы