Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер белгілі болды

7 Ақпан 2023, 14:20
834
Бөлісу:
Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер белгілі болды
PHOTO
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматыда Қазақстан Республикасының IV қысқы Жастар спорт ойындары өтіп жатыр. Бүгін Алатау бөктеріндегі қалада шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер анықталып, марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күні аралас командалық сында (2 қыз бен 2 ұл) Алматы қаласының бірінші командасы айтарлықтай басымдықпен жеңіске жетті. Одан кейінгі орынға Алматы-2 командасы мен ШҚО спортшылары тұрақтады.

Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер белгілі болды

Жалпы есепте Алматы қаласы жеке-дара топ жарды. Шығыс Қазақстан облысы 2-ші орын алса, Алматы облысы үздік үштікті түйіндеді.

Барлығы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде 4 өңірдің (Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысы) 100-ден астам спортшысы 5 жас санатына бөлініп, сынға түсті. Олар жекелей сында К-20 (12 жас), К-40 (13-15 жас), К-60 (14-16 жас), К-95 (17-20 жас) тұғырынан секірсе, командалық бәсеке К-90 трамплинінде өтті.

Жарыс өзіме қатты ұнады. Қиын болды, деп айта алмаймын. Десе де тартыс соңына дейін созылды. Шаңғымен тұғырдан секіруге 6 жасымда келгенмін. Биыл осы спортпен айналысқаныма 10 жыл болады. Кумирім –Данил Васильев. Жақын арада онымен бірге жаттығып, бірге өнер көрсетуді қалаймын,- деді 3 алтын медаль (жекелей және командалық) жеңіп алған алматылық Илья Мизерных.

Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер белгілі болды

Қазір енді Алматыда кёрлингшілер шеберлік байқасып жатыр. Барлығы 2 қала мен 8 облыстан келген команда (200-ге тарта жас спортшы) 2 топқа бөлінген. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 12 ақпанда белгілі болады.

Жалпы биылғы кешенді жарыс барысында 11 спорт түрінен үздіктер анықталады. Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрамасы жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.

Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік жасөспірімдер белгілі болды

Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда, сағат 14:00-де Павлодар қаласында, ал жабылуы 8 сәуір, сағат 14:00-де Астана қаласында болады.

Өзгелердің жаңалығы